Қазақстанға шетелдік инвестицияны тартудың қазіргі жағдайы
Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады [1].
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит рейтингі берілген. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.
Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды. Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады. Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады [2].
Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды. Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2009 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды [3].
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялық, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: 1. Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1999 жылдан 2009 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады. 2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. 3. Әлемдік рынокка шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. Алдағы он жылда Қазақстан еліміздегі ең ірі көмірсутекті кеніштерді игеруге жалпы көлемі 30 миллиард доллар инвестиция тартатын болады [4].
Аталған мерзім аралығында ел экономикасы 3,5 есе өседі. Лондонда өткен «Қазақстан – болашаққа жол» атты халықаралық конференцияда Қазақстан Президенті осындай мәлімдеме жасады. Қазір Қазақстан экономикасына тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 50 миллиард шамасында болып отыр. Бұл Орталық Азия аймағына келіп жатқан инвестицияның 80 пайыздан астамы. Алдағы он жылда мұнай, газ, басқа да табиғат байлығы салаларын игеруге тағы 30 миллиард доллар жұмсалмақ. Ал өндірісті дамытуға арналған ішкі инвестиция көлемі 20 миллиард доллар шамасында болып отыр. Қазақстан өз кезегінде мұнай, газ және басқа шикізат ресурстарына баламалы экономика саласын барынша дамытуды көздеп отыр. Бұл – нақты айтқанда, бірқатар көрсеткіштерге жетудің көзі ғана емес, экономиканы жүйелі дамыту үшін өндірістік құндылықтарды арттыру деген сөз. Біздің жаңа стратегиялық мақсатымыз – өндірісті, аграрлық саланы және экономиканың ғылыми-техникалық саласын дамытуға арналады.
Қазір Қазақстан өзінің инвестициялық жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеуде.Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия өңірі сілкіністер мен жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болса-дағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр [5] .
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде.
Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Шетелдік инвестицияны тартудың проблемалары мыналар: елімізге қосымша ициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызады.
Әдебиет
1 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
2 Е.А.Карымсаков Привличение иностранных инвестиций в условиях глобализации: стратегия и механизмы регулирования. Автореферат – Караганды, 2003 г.
3 Сагындикова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Ғылым, 1994 г.
Источник
Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:20, дипломная работа
Краткое описание
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
Содержание
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ — ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………. 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. . . . . 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі..15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар. 24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база. 42
3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты. 50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері……. 57
ҚОРЫТЫНДЫ. 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 66
Вложенные файлы: 1 файл
Дип.-Инвестиция.doc
Шетелде ХХ және ХХІ ғғ. Қазақстан халықтың әрбір жан иесіне есептегенде шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізген республика 1999 ж. бастап экономикалық өсімнің жоғары қарқынына — кез-келген ел даму деңгейін тергейтін маңызды экономикалық категорияға ие болды.
1999-2000 жж. жиналған шынайы сектор дамуының қарқыны Қазақстанға келесі жылдардағы экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік жасады. ЖІӨ-нің шынайы көбеюі 2000ж. -9,8%; 2001ж. – 13,2%; 2002ж. – 9,2%; 2004ж. – 10,0%; 2005ж. 9,4% құрады.2005ж. тау игеру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2% өсті, өңдеуде -6%, электр қуаты, газ және су өндірісі мен бөлінісіне 2,2% жоғарылады.
2005ж. ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2004ж. салыстырғанда 6,7% көбейді. Жүк тасымалының жалпы көлемі 4,8% өсті. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1,2% өсті. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2004 ж. салыстырғанда 38,9% көбейген, оның ішінде экспорт 40,1%, импорт 37% құрайды.
Сонымен бірге, 2005 жылы өнеркәсіптің өсу қарқыны 2004 жылмен салыстырғанда екі еседен аса төмендеді, ол негізінен мұнай өңдеу қарқынының мақсатты төмендеуіне байланысты тау игеру салаларындағы 113,4%-дан 103,2%-ға түсіп кету есебінен болды. Дегенмен, әлемдік нарықтағы мұнай бағасына қолайлы конъюктура табыс көлеміне оң әсерін тигізді.
Бұл мысалдар Қазақстан ЖІӨ-нің қанағаттандырарлық көрсеткіші дамудың бағалылық факторы есебінде артықшылықтарға қол жеткізгендігін көрсетеді(23). Экономикалық өсім шетелдік инвестициялар мен ішкі жинаққа тиімді қатынаста қол жеткізілген жоқ. Қарастырылушы кезең ішінде экономикалық даму мақсаттары бірінші кезектегі өлшемдермен шектелді, бірақ тұрақты және созылмалы экономикалық өсімді қамтамасыз ететін барлық мәселелерді қамтыған жоқ, олар мыналарға бағытталды:
- шынайы сектор реформалауы мен өнеркәсіпті өңдеуші кәсіпорындар түрлерін көбейту саясатына толық сәйкес келетіндіктен айналымнан жарамсыз кәсіпорындарды шығарып тастау;
- инфляцияның төмен деңгейін сақтау, бағалар құрылымын әлемдікке жақындату, табиғи монополия салаларындағы (жылу-энергетикалық кешен (ЖЭК), темір жол көлігі) бағаларды түзете реттеу;
- отандық экспорттың «примитивизациялауының» (қарабайырлану) алдын алу және импорт жағдайын жақсарту;
- келешегі бар жеке қожалықтырды және стратегиялық инвесторларды құру, осылайша елде тиімді қаржы нарығының қалыптасу мәселесін шешу;
- елде қалыптасқан қолайлы инвестициялық климатты ұстап тұру және жақсарту, нарықтық дамыған ел ретіндегі Қазақстан Республикасының рейтингін сақтау.
Көрсетілген шараларды өткізу қажет, бірақ өндірістің техникалық негіздерін реформалаудың басты мәселесін шешуде және негізінде республика халқының өмір сүру деңгейін көтеру мен экономикалық өсім қамтамасыз етілетін жоғары технологиялық тәсілдерді жасауда жеткіліксіз болады.
Айтылғандар Қазақстан Республикасында нарықтық қайта құрудың катализаторы болуы тиіс шетелдік инвестицияларды тартуда, әсіресе әлемдік нарықта отандық өндірушілердің ілгерілеу кезеңінде жаңа бағыттарды қалыптастырудың қажеттілігіне алып келеді.
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми – техникалық жетістіктер, тенхнологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.
Олар ірі коммерциялық өмірді инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік- ол сол немесе басқа әлеуметтік- экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкүндіктерін шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудін тығыс қажеттілігінің туындай отырып аңықталады:
- әлеуметтік экономикалық тиімділік- кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудын бірден-бір шарты.Бұл қағида: шетел компаниялардың қатысуымен болатын жобалардын жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халқын жұмыс бастылығын арттыруды пайымдайды:
- экономикалық-экологиялық қауіпсіздік- егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға , қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды зансыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірішулерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкүндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресустарын жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет:
- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде-бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды
- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдылық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс
- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады
- ең сонында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерікшеліктері бар экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдардың жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезенде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаналандыру мақсаттарына қызмет етеді.
Сонымен қатар елде бұл процесті басқару барысында оның дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар бір қатар глобалды факторларды ескеру қажет. Мұнда ең бірінші, республиканың қуатты потенциалы туралы сөз болуы тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды дамыту мен оларды басқарудын тиімділігін арттыру мемлекеттін ерекше назар аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды шикі заттын потенциалды құндылығы- 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.
Келесі фактор, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкүндіктері болып табылады.
Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімінді стратегиясының басымдықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай құбырларын, магистралды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда- бұл дамыған байланыс торабын құру.
Төртіншіден, адам ресустарына капитал салу. Қазақстанның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі әрқашан оның интеллектуалдық әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамтуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде.
Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген қағидаларды тиімді және саналы қолдану, соңдай-ақ, елдін потенциалды мүмкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Қазақстандағы шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
- инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде — әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.
Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялармен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы тауарлармен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйымдастырумен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарда әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасынын әлемдік интеграциясына халықаралық экономикалық қатынастарын дамуына тікелей ықпалын көрсетеді.
Барлық сфералар мен салаларды қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер; марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салынған құралады.
Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім бөлінісі (Продакшн-ширинг) атқарады. Бұл нысан экспорттық салалармен өзгерістерде кенінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалармен өндірістерде біршама шектелген бұл тенгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысы арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Соңдай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстын жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялық барлау және басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өндірісті ағымдық баскару) бола алады.
Бұрын айтылғандай, тікелей инвестициаларды тару үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада қабылдануда, бұл олардын көбеюі үшін шынайы мүмкүндіктер береді.
Қазақстан республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқынын жаң басына шаққандағы тікелей шетел инвестициаларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, соңдай-ақ ТМД-ның алғашқы бестіліне сенімді түрде кіреді .
Шетел инвестициаларын тартудын басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициалық қарыздар мен несиелер бола алады.
Ең бірінші кезекте, шетел инвестициаларының негізгі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі — шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициалар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталуыны тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.
Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдамасында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.(8)
Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалы қ көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:
-өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету немесе үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде қолдануы;
-өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа елдерде орналасуы мүмкін ;
-өз мүддесін аймақтық және кең ауқымды халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.
Кесте 8- Әлемдегі елдер тобының тікелей инвестициясының көлемі
Источник